Месси дәретхана қағазымен "Үйде қал" челленджіне қосылды

Сурет: Football.ua
Каталондық "Барселона" және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси "Үйде қал" челенджіне қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Доп орнына дәретхана қағазын тебетін челлендж Желіде таралып кеткен еді. Оның негізгі мақсаты -  адамдарды коронавирус пандемиясына байланысты үйлерінен шықпауға шақыру. 

Месси бұл челленджді Хавиден қабыл алып, өз кезегінде эстафетаны Артуро Видаль, Жорди Альба, Луис Суарес пен Серхио Агуэродан жалғастыруын сұрады.


Жаңалықтар