ПСЖ АҚШ-та өтіп жатқан клубтық әлем чемпионатының ширек финалына сенімді түрде шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Париждік клуб “Интер Майамиді” 4:0 есебімен жеңді.
Ойынның 6-минутында Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Жоау Невеш есеп ашты, ал 39-минутта тағы бір гол соғып, ПСЖ-ның басымдығын арттырды. Бірінші таймның соңында “Интер” қорғаушысы Томас Авилес допты өз қақпасына бағыттап алды. Ал 45+3 минутта марокколық Ашраф Хакими есепті 4:0-ге жеткізді.
Көпшіліктің назарын сегіз мәрте “Алтын доп” иегері Лионель Мессидің алаңға шығуы аударды. Бұл – оның бұрынғы клубына қарсы алғаш рет ойнауы болды. Алайда аргентиналық футболшы командасына көмектесе алмады – “Интер Майами” өз алаңындағы турнирді аяқтады. Ал ПСЖ ширек финалда “Фламенго” мен “Бавария” жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Жарнама