Жаға жыртысуға ойындағы даулы жағдай себеп болған. Каталондық клубтағы ішкі қатынасы "Валенсиядан" (0:2) ұтылғаннан кейін нашарлап кеткен. Бұл жаңа бапкер Кики Сетьен келгелі бірінші жеңіліс болды.
Ақпан басында Месси жаттығу кезінде қорғаушы Жерар Пикемен жанжалдасып қалған еді. Ал кеше аргентиналық футболшы клубтың спорт директоры Эрик Абидальмен шекіскені хабарланған.
Лионель Месси "Барселона" басшылығына қатулы жауап қайтарды
Сонымен қатар, испаниялық БАҚ-тың хабарлауынша, Месси "Барса" президенті Жозеп Бартомеудің қызметінен кеткенін қалайды.