Месси "Барселонаның" Чемпиондар лиагсындағы негізгі бәсекелестерін атады

© dynamo.kiev.ua
"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси каталондық клубтың Чемпиондар лиагсындағы негізгі бәсекелестерін атады.

"Чемпиондар лигасында өте қиын. "Пари Сен-Жермен" Дортмундқа барып, "Боруссиядан" ұтылды. "Ливерпуль" болса "Атлетикоға" есе жіберді. Меніңше, қазіргі таңда "Ливерпуль", "Ювентус", ПСЖ мен "Реал" мықты болып тұр, - деп келтіреді Мессидің сөзін Mundo Deportivo.

"Барселона" Чемпиондар лигасы 1/8 финалында "Наполимен" ойнайды. Бірінші матч 25 ақпан Неапольде, ал қарымта кездесу 18 наурыз Барселонада.

Өткен маусымда "Барселона" Чемпиондар лигасының жартылай финалына жетіп, жарыстың жеңімпазы атанған "Ливерпульден" ұтылды.