Месси "Барселонамен" жаңа келісімінің шарттары белгілі болды

Сурет: sportsfinding.com
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси каталондық "Барселона" клубымен жаңа келісімшартқа қол қояды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Жаңа келісім "1+1" жүйесі бойынша жасалады. Ал шарттар аса өзгергемейтіні айтылды. Мұның алдында жаңа келісімшарт бойынша келіссөз маусымда басталатыны хабарланған, 32 жастағы форвард әр маусым аяғында келісімшартты үзе алу мүмкіндігін сақтап қалғысы келеді. 

Футболшының "Барселонамен" қазіргі келісімшарты 2021 жылға дейін есептелген.

Еске салайық, Месси "Барселонада" 2004 жылы ойнай бастады, содан бері команда ауыстырған емес. Каталондық клубпен бірген аргентиналық ойыншы тоғыз чемпиондық титул, Исанияның алты кубогын ұтты және төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Сонымен қоса, Месси "Алтын допты" алты рет иеленген.