Месси "Барселонаға" оралуы мүмкін

22 желтоқсан 2022 16:13
©TeamTalk

"Барселона" басшылығы Лионель Мессиді қатарына қайта қосуы мүмкін, деп хабарлайды Diario Sport.

Жақын күндері каталондықтардың президенті Жоан Лапорта аргентиналықпен келіссөз жүргізеді. Егер Месси ПСЖ клубымен келісімшартын ұзартпаса 2023 жылдың жазынан бастап "блаугранада" ойнауы мүмкін.

Еске салайық, Лионель Месси 2003-2021 жылдары "Барселона" сапында алаңға 520 матчта шығып, 474 гол салды. Испаниялық клубпен Ла Лиганың 10 дүркін чемпионы және Чемпиондар лигасын 4 рет жеңді. Сонымен қатар, Месси Катардағы әлем чемпионатында Аргентинамен бірге алтыннан алқа тағынды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport