"Интер Майами" клубының шабуылшысы Лионель Мессидің болашағына қатысты шешімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Catalunya Radio таратқан ақпаратқа сәйкес, 38 жастағы аргентиналық футболшы каталондық клуб президенттігіне үміткерлердің барлығына "Камп Ноуға" ойыншы ретінде оралу жоспарда жоқ екенін жеткізген.
Дегенмен, "блаугранамен" байланыс толық үзілмейді. Месси футболшылы қарьерасын аяқтағаннан кейін клубқа басқа қызметте қайта оралу мүмкіндігін қарастырып отыр.
Айта кетейік, аңызға айналған шабуылшы "Барселона" жүйесінде 20 жылдан астам уақыт өткізіп, 2021 жылдың жазында командадан кеткен еді. Қазіргі уақытта сегіз дүркін "Алтын доп" иегері "Интер Майамимен" 2028 жылдың соңына дейін келісімшартқа ие.
Каталондық клубтың жаңа президенті 15 наурызда сайланады. Сондықтан Мессидің клубқа ықтимал, бірақ, ойыншы ретінде емес, өзге рөлде оралу тақырыбы сайлауалды науқанда басты мәселелердің бірі болмақ.
Жарнама