ПСЖ командасының шабуылшысы Лионель Месси келесі жазда "Барселонаға" қайта келуге дайын, деп жазады журналист Марк Марба. 35 жастағы аргенттиналық келісімшарты аяқталғаннан кейін кетемін деп шешім шығарған.
Бірақ Мессидің "Барселонаға" қоятын басты талабы бар. Ол - қорғаушы Жерар Пикені командадан кетіру екен.
Соңғы жылдары бұл футболшылардың қарым-қатынасы бұзылып кеткен. Испаниялық басылымдардың ақпараты бойынша, бұл екі футболшы Мессидің каталониялық команда сапындағы соңғы маусымында сөйлеспей кеткен.