Месси "Барселонаға" қайтып оралмақ

©Eurosport

Франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси испаниялық "Барселонаға" оралуға ниетті.

"Клубыма қолымнан келгенше көмектесемін деп үнемі айтатынмын. Спорт директоры болғым келеді. "Барселонада" ма әлде басқасында ма, білмеймін. Бірақ ондай мүмкіндік болса, мен оралып, сүйікті клубыма көмектескім келеді. "Барселона" ары қарай да өсіп, әлемдегі ең мықты клубтардың бірі болып қала береді деген үміттемін", - деп береді Мессидің сөзін "Матч ТВ" арнасы Sport.es порталына сілтеме жасап. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport