Месси "Барселонадан" кетті

Сурет: eurosport

Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси "Барселонадан" кетті. Бұл туралы каталондық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Келісімшартты ұзарту бойынша келісімге келгеніне қарамастан Месси командадан кетеді. Ал Примерадағы экономикалық ережелер мен шектеулер себебінен тараптар жаңа келісім жасай алмайды. 

"Туындап отырған жағдайларға байланысты Месси "Барселонада" қалмайды. Екі тарап та қалауларының орындалмағанына өкінішпен қарауда. "Барселона" ойыншыға клубтың дамуына қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіре отырып, ары қарайғы жеке және кәсіпқой карьерасында сәттілік тілейді", - делінген мәлімдемеде. 

Мессидің "Барселонамен" келісімшарты маусымда аяқталған. Аргентиналық футболшы карьерасын толықтай каталондық клубта өткізді. "Барсамен" бірге ол Испания чемпионатын он рет, Ел кубогін жеті рет ұтып, төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport