Месси "Барселонадан" кететіні хабарланды

Сурет: Pinterest
"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси осы жазда каталондық клубтан кетпек. Бұл туралы Esporte Interativo журналисті Марсело Бехлер Twitter желісінде хабарлады.

Мәлімет бойынша, аргентиналық футболшы келісімшартының 2021 жылы аяқталғанын күтпестен кететіні жайлы клуб басшылығына хабарлаған екен. 

Айта кетейік, Бехлер өзі де Барселона тұрғыны. 2017 жылы Неймар ПСЖ клубына ауысатыны туралы да бірінші хабарлаған осы журналист болатын.