Футбол
Бүгін 17:42
 
Месси "Барселонадағы" ізбасарының есімін атады

  Пікірлер

blog.share

Месси "Барселонадағы" ізбасарының есімін атады ©depositphotos.com/DURAOFOTO

Аңызға айналған аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "көк-анарлылардың" вингері Ламин Ямальді "Барселонада" жаңа дәуір көшін бастай алатын футболшы деп көретінін ашық айтты. "Алтын доптың" сегіз дүркін иегері 19 жастағы ойыншының дамуын жіті бақылап жүргенін атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мессидің мойындауы

"Мен оның өнерін ұзақтан бері бақылап келемін. Ямаль мәңгі жүрегімде қалатын клубтың намысын қорғап жүр және оған тек толағай табыс тілеймін. Дәл қазір Ламин футбол әлемінде нағыз эталонға айналып отыр", - деп береді аргентиналық футболшының сөзін El Nacional.

"Камп Ноудағы" жаңа дәуір

Бұған дейін Месси жас футболшыларға салыстыру жасаудан және "Ла Масия" тәрбиеленушілерін өзінің "мұрагері" ретінде атаудан бойын аулақ ұстайтын. Алайда бұл жолы тәжірибелі шабуылшы әдеттегі мақтаумен шектелмеді. Мессидің пікірінше, Ямальдың әлеуеті ерекше және ол осындай қарқынмен дамуын жалғастыра берсе, есімін әлемдік футбол тарихына жазуға қабілетті.

Еске салайық, бүгін, 7 қазанда, Месси Аргентина құрамасындағы карьерасын ресми түрде аяқтады. Қоштасу матчында ол екі нәтижелі пас беріп, бір гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!