Месси "Барселонадағы" болашағына қатысты шешім қабылдады

© Eurosport
"Барселона" форварды Лионель Месси каталондық командада кемі 2020/21 маусымының соңына дейін қалады, - деп хабарлайды Marca.

Басылым мәліметінше, 32 жастағы аргентиналық 2021 жылы аяқталатын келісімшарт аяқталмай тұрып, клубтан кетпек емес. 

Алайда Месси келісімшарты аяқталмай тұрып, оны жаңартуды талқылауға дайын. Дегенмен шабуылшы әр жылы өз жағдайын және команданың деңгейіне бақылау жасап отырады. 

Месси "Барселона" сапында 2004 жылдан бері ойнап келеді. Marca ақпаратынша, каталондық клубта ол жылына 43 миллион еуро алады.
Жаңалықтар