Футбол
Бүгін 12:18
 

Месси Аргентинадағы қоштасу матчіне қатысатын болды

  Пікірлер

blog.share

Месси Аргентинадағы қоштасу матчіне қатысатын болды ©Depositphotos.com/actionsports

"Интер Майами" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси "Бока Хуниорстың" бұрынғы форварды Карлос Тевестің қоштасу матчына қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты ESPN Argentina басылымына сілтеме жасап.

blog.share

"Интер Майами" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси "Бока Хуниорстың" бұрынғы форварды Карлос Тевестің қоштасу матчына қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты ESPN Argentina басылымына сілтеме жасап.

Adiós Apache деп аталатын салтанатты кездесу 20 желтоқсанда "Ла Бомбонера" стадионында өтеді. Бұл матчқа сегіз дүркін "Алтын доп" иегерінің қатысатынын ұйымдастырушылар растап қойды. Бұл шараға Аргентина футболының өзге де көптеген жұлдызы жиналады деп күтілуде.

Месси мен Тевес ұлттық құрама сапында бірге өнер көорсеткен, соның ішінде 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионатында ойнады. 42 жастағы бұрынғы шабуылшы карьерасын аяқтағанын 2022 жылы жариялаған еді. Алайда енді танымал футболшылардың қатысуымен ауқымды қоштасу матчын өткізуді ұйғарыпты.

Мессиден бөлек, бұл шараға Аргентина құрамасының тағы бірқатар аңызы - Хуан Роман Рикельме мен Серхио Агуэро да шақырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Тевес Аргентинадан бөлек, Англия Премьер-лигасында "Вест Хэм", "Манчестер Юнайтед" және "Манчестер Сити" клубтарында ойнаған. Италияның "Ювентус" сапында өнер көрсетіп, Қытайда "Шанхай Шэньхуа" жейдесін киген.

Ол Аргентина құрамасы сапында 76 матч өткізіп, 13 гол соққан.

Тевестің жетістіктері

Тевес клубтық деңгейде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. "Манчестер Юнайтед" сапында екі рет Англия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ал "Манчестер Сити" құрамында тағы бір рет АПЛ чемпионы болып, Англия кубогын иеленді. "Ювентус" сапында аргентиналық футболшы Италия чемпионатын екі рет жеңіп, ел кубогының иегері атанды.

Аргентина құрамасымен бірге Тевес 2004 жылы Олимпиада чемпионы атанып, Америка кубогында екі рет күміс жүлде (2004, 2007) иеленді.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!