Месси Аргентина құрамасының ұтылу себебін түсіндірді

©instagram.com/afaseleccion

Футболдан Аргентина құрамасының көшбасшы ойыншысы Лионель Месси Катардағы әлем чемпионаты матчінде Сауд Арабиясынан ұтылғандарына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Командалар "Лусаил" стадионында кездесіп, матч саудиялықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 

"Бұл бәріміз үшін ауыр тиді, жанкүйерлерге, бізге де. Біз бұлай болады деп күтпедік. Жеңісімізге сенімді болдық, турнирді үш ұпаймен бастаймыз деген жоспар болды. 

Қарсылас қалай ойнайтынын жақсы білеміз, алайда асықтық, сондықтан жайсыздық пайда болды. Иә, жылдам гол салдық, содан кейін бірнеше голды есептемеді. Мұндай мүмкіндіктер әлі де болады деп ойладық, алайда қателесіппіз. 

Ары қарай жылдамдай бердік, бірақ бір ойын өрнегінен көрсете берген екенбіз, керек кезде флангты ауыстырып отырмадық. Олар қорғанысқа көп көңіл бөлгенін көріп, доппен жылдам жұмыс істеуге тырыстық. Бірақ нәтижелі бола алмадық. Одан кейін бізге екі гол кірді. Осыдан кейін аянбай шабуылдауға кірістік, бұл қателік үстіне қателік тудырды. 

Сауд Арабиясы допты жақсы бақылайтынын білдік. Осының арқасында олар ілгерлей бастайды. Біз қақпанға түстік, бірақ бізді таңдандырған бұл емес. 

Енді біздің ауызбіршілігімізді көрсететін уақыт келді, оның арқасында неге жете алатынымызды дәләлдеу - міне ең маңыздысы осы. Ойын өрнегіміздің негізіне оралып, Мексиканы ұтуға тырысамыз", - деп береді Мессидің сөзін "Чемпионат" порталы Ole басылымына сілтеме жасап.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport