Месси Аргентина құрамасының ойынына қазылық еткен төрешіні сынап тастады
©Reuters
Лионель Месси 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Аргнетина мен Перу арасындағы кездесуге қазылық еткен бразилиялық төреші Уилтон Сампайоны сынға алды.
Лионель Месси 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Аргнетина мен Перу арасындағы кездесуге қазылық еткен бразилиялық төреші Уилтон Сампайоны сынға алды.
"Ауыр әрі қиын ойын болды. Жел қатты соғып тұрды. Қарсылас бүкіл командасымен қорғанды. Бұл ойында төрелік еткен қазы көп күмәнді шешім шығарды. Алаң қожайындарының пайдасына", - деп жазды Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұл ойында Аргентина құрамасы өз алаңында Перуді 1:0 есебімен жеңді. Кездесу барысында қонақтар бір пенальтиді орындай алмады.
Жарнама