Месси Аргентина құрамасындағы маңызды ойыншыны атады

16 желтоқсан 2022 16:06
©instagram.com/leomessi

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси командасының сапындағы маңызды ойыншыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Хулиан Альварес Аргентина сапындағы ең маңызды ойыншы болатынына ешкім сенбеді. Ол өзінің деңгейін көрсете білді. Әлем чемпионатының барлық кездесуінде, соның ішінде Хорватияға қарсы матчта керемет ойынымен есте қалды. Альварес өте еңбекқор футболшы. Допты сезе алады. Тамаша шабуылдар ұйымдастыра алады. Ол Аргентинаның бағына туған футболшы", - деді Месси Manchester Evening News басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Қатардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамалары кездеседі. Месси және оның Аргентинасы осыған дейін 2014 жылы Бразилиядағы мундиальдың финалына шыққан. Алайда ол кезде Германия командасы экстра-таймда гол соғып, чемпион атанған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар