Месси Аргентина құрамасындағы карьерасына қатысты пікір білдірді

©rus.team

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси ұлттық құрамадағы карьерасына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Футболшы Катардағы әлем чемпионаты соңғы үлкен мундиалі екендігін жасырмады.

"Бұл менің соңғы әлем чемпионатым болмақ. Солай болатынына күмәнім жоқ. Биылғы маусымда өзімді физикалық тұрғыда өткен жылмен салыстырғанда жақсы сезініп жүрмін. Мундиаль алдында толқу бар. Жарыстың қалай болатынын сол кезде көрерміз", - дейді Месси TN басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Месси Аргентина құрамасының сапында 164 ойында 90 гол салды. 2014 жылы Бразилиядағы футбол тойында турнирдің финалына дейін жетті.

Катардағы әлем біріншілігінде Аргентина командасы бір топта Сауд Арабиясы, Мексика және Польша құрамаларымен кездеседі. Биылғы ӘЧ қараша айының 20 жұлдызы мен 18 желтоқсан аралығы өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport