Месси Аргентина құрамасынан кетуге қатысты мәлімдеме жасады

©twitter.com/imessi

Аргентина 2022 жылғы әлем чемпионатын ұтпағанда Лионель Месси құрамадағы карьерасын аяқтайтын еді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы шабуылшының өзі мәлімдеді. 

"Маған әлем чемпионаты өте ұнады. Өйткені ол соңғы болуы мүмкін еді, егер біз ұтпағанда мен құрама қатарынан шығатын едім деп ойлаймын. Мен клубтық деңгейде барша жүлдені ұтып, құрамада осындайға жете алмасам, бірдеңе жетіспей тұрар еді. Бүгінде әлем чемпионы бола тұра, мен құрамадан кете алмаймын, мен осының бәріне ләззәт алуым керек және бұл менің жаныма тыныштық сыйлайды", - деп береді Мессидің сөзін Ole.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport