Месси Аргентина құрамасына шақыртылмады. Себебі белгілі

©futbik

"ПСЖ" шабуылшысы Лионель Месси Аргентина құрамасына шақырту алмады, деп хабарлайды TyC Sports басылымы.

Катар-2022 іріктеу турнирінің аясында Аргентина командасы 27 қаңтарда Чили және 1 ақпан күні Колумбия құрамаларымен кездеседі.

Аргентина командасының бапкерлік штабы коронавирустан енді айығып келе жатқан әлемдегі ең танымал ойыншылардың бірі саналатын Мессиді қатарға қоспады. Оның үстіне оңтүстік америкалық ұжым алдағы матчтарсыз-ақ Катардағы футбол тойына жолдама алып қойған. Іріктеуде 13 матч өткізген Аргентина 39 ұпаймен турнир кестесінің екінші орнына жайғасса, 35 ұпайы бар Бразилия футболшылары жеке-дара көш бастап тұр. 

Еске салайық, Лео Месси Аргентина сапында 158 ойында 80 гол соққан. ПСЖ шабуылшысы құрамасымен бірге 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында чемпион атанса, 2014 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Сонымен қатар, 2021 жылы карьреасында алғаш рет Америка Кубогін ұтты.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: