"Алтын доптың" сегіз дүркін иегері Лионель Месси Аргентина құрамасындағы кареьрасын аяқтайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
ӘЧ-2026-дағы жеңілістен кейін Аргентина құрамасында Мессиге қатысты шешім қабылдады
Бұл туралы аргентиналық спорт журналисі әрі инсайдер Эрнан Кастильо мәлімдеді.
Дереккөздің ақпаратына сәйкес, 39 жастағы Месси командаластарына киім ауыстыратын бөлмеде әсерлі сөз сөйлеп, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы оның "альбиселесте" сапындағы соңғы матчы болғанын жеткізген.
Еске салайық, ӘЧ-2026 финалында Аргентина құрамасы қосымша уақытта Испаниядан 0:1 есебімен ұтылды. Месси турнирді сегіз гол және төрт нәтижелі паспен аяқтап, командасының үздік сұрмергені атанды.
Бұл Месси үшін алтыншы әлем чемпионаты болды. Жарыс барысында ол әлем чемпионаттары тарихында алғаш болып 20 голдық межеден асты. Сонымен қатар, аргентиналық жұлдыз мундиальдар тарихындағы ең үздік ассистент және ең көп матч өткізген футболшы атанды.
Лионель Месси Аргентина құрамасы сапындағы алғашқы матчын 2005 жылы өткізді. Ол ұлттық құрама жейдесінде 207 матчқа қатысып, 125 гол соғып, 68 нәтижелі пас берді.
Мессидің жетістіктері қатарында 2022 жылғы әлем чемпионатының алтыны, 2014 және 2026 жылғы әлем чемпионаттарының күміс жүлделері, 2021 және 2024 жылғы Америка кубогындағы жеңістер, 2022 жылғы Финалиссимадағы чемпиондық, сондай-ақ 2008 жылғы Олимпиада ойындарының алтыны бар.
Жарнама