Месси америкалық команданың капитаны болады

©twitter.com/InterMiamiCF

Аргентиналық футболшы Лионель Месси жаңадан ауысқан "Интер Майами" командасында капитан болады, деп жазады TyC Sports

Күнделікті жаттығудан соң футболшы бұрынғы командаласы Серхио Бускетспен бірге алаңда команда жайын талқылап, жас ойыншылар жайлы кеңескен. 

Айта кетейік, футболшы америкалық команда сапына еркін агент ретінде ауысты. Жаңа командада 10-нөмірмен ойнайтын болады. 

Команда сапындағы алғашқы ойынын 21 шілде күні Лига кубогы жолындағы жарыстан бастайды. Мексиканың "Крус Асул" командасына қарсы ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport