"Барселона" мен ПСЖ клубтарының бұрынғы жұлдызы Лионель Месси карьерасының Америкадағы кезеңін ертерек аяқтауы ықтимал, деп хабарлайды Vesti.kz Чемпионат сайтына сілтеме жасап.
Журналист Эстебан Эдулдің хабарлауынша, 38 жастағы Аргентина құрамасының капитаны клуб ауыстыру мүмкіндігін қарастырып отыр - бұл шешімнің себебі 2026 жылғы әлем чемпионаты болып отыр.
Дереккөздің мәліметінше, Месси турнирге мінсіз дайындықпен келу үшін жарты жыл бұрын бәсекеге қабілетті лиганың біріне ауысу жоспарын қарастыруда. Еске салайық, 2026 жылғы әлем біріншілігі АҚШ, Канада мен Мексикада өтеді, ал қазіргі әлем чемпионы атағы Аргентинада.
2022 жылғы Қатардағы әлем чемпионатының финалында Лионель Скалони командасы Францияны тартысты матчте ұтты (3:3, 4:2 пенальти арқылы). Месси бұл ойында дубль жасап, турнирдің нағыз жұлдызына айналды.
Жарнама