Месси "Алтын допты" алтыншы рет иеленгеннен кейін футболдан кету жайлы сөз қозғады

3 желтоқсан 2019 11:41
© sport-interfax.ru
"Барселона" және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси алтыншы рет "Алтын допты" иеленгеннен кейін карьерасын аяқтауға жақын екенін мәлімдеді.

"Сүйген кәсібіммен айналыса алатынынма шүкір, Құдай тағы бірнеше жыл өткізгенімді қалайды. Жасым қаншада екенін жақсы білемін, сондықтан осындай сәттер көбірек қуаныш сыйлайды. Өйткені карьерам аяқталуға жақын екенін білемін және мұны сезіну ауыр. 

Қайталап айтайын, менде бірнеше жыл қалды және қазір тоқтаусыз жылдам өтіп жатқандай. Ары қарай да футболдан, отбасымнан және өмірден рахат аламын деп үміттенемін", - деп келтіреді Мессидің сөзін Marca.