Месси "Алтын допқа" үміткерлер үштігінен шығып қалды

Сурет: FC Barcelona
Goal басылымы "Алтын доп" жүлдесіне негізгі үміткерлердің жаңартылған рейтингін жасады. 

Тізімде бірінші "Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски өзгеріссіз тұр. Екінші орында қазір "Ювентус" форварды Криштиану Роналду, мұның алдында ол тізімде төртінші болған. Үшінші "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне.

"Алтын допқа" үміткерлер рейтингінде Месси мен Роналду "Бавария" ойыншысынан төмен тұр

Топ-3 тізімнен "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси шығып қалған, мұның алдында аргентиналық үштікте болған.

Goal тұжырымынша "Алтын доп" жүлдесіне негізгі үміткерлердің ондығы:

1 (1). Роберт Левандовски ("Бавария").
2 (4). Криштиану Роналду ("Ювентус").
3 (2). Кевин Де Брбйне ("Манчестер Сити").
4 (3). Лионель Месси ("Барселона").
5 (5). Томас Мюллер ("Бавария").
6 (8). Карим Бензема ("Реал").
7 (6). Неймар (ПСЖ).
8 (7.). Эрлинг Холанд ("Боруссия" Дортмунд).
9 (9). Килиан Мбаппе ("ПСЖ").
10 (10). Джейдон Санчо ("Боруссия" Дортмунд).


Жаңалықтар