Футбол
1 сәуір 2019 11:47
 
Месси "Алтын бутсаға" тартыста Мбаппеден алшақтай түсті

  Пікірлер

blog.share

Месси "Алтын бутсаға" тартыста Мбаппеден алшақтай түсті © Eurosport

Каталондық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Еуропадағы маусымның ең үздік бомбардиріне берілетін "Алтын бутсаға" тартыста көшбасшылығын нығайта түсті, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Аргентиналық футболшы Испания чемпионатының 29-шы турындағы "Эспаньоламен" ойында дубль жасап, соққан голдар көрсеткішін 31 допқа жеткізді. Ал оның басты бәсекелесі ПСЖ клубының форварды Килиан Мбаппе Францияның 1-ші лигасының 30-шы турында "Тулуза"  қақпасына бір ғана гол салды. Бұл франциялықтың чемпионаттағы 27-ші голы ғана. 

Рейтингтегі ұпай жинау келесідей: салынған голдар саны чемпионат күшінің коэффициентіне көбейтіледі. Үлкен бестік біріншілігінің коэффициенты ең жоғары - 2,0.

 "Алтын бутсаға" үміткерлердің алғашқы сегіздігі:

1. Лионель Месси ("Барселона"): 31 гол (x2.0) / 62 ұпай
2. Килиан Мбаппе (ПСЖ): 27 гол (x2.0) / 54 ұпай
3. Фабио Квальярелла ("Сампдория"): 21 гол (x2.0) / 42 ұпай
4-8. Криштиану Роналду ("Ювентус"): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай
4-8. Кшиштоф Пентек ("Милан"): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай
4-8. Серхио Агуэро ("Манчестер Сити"): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай
4-8. Роберт Левандовски ("Бавария"): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай
4-8. Дуван Сапата ("Аталанта"): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай

Жарнама

Живи спортом!