"Месси – әлемнің ең үздік ойыншысы". Маурисио Почеттино аргентиналық ойыншы жайлы пікір білдірді

©getty images

ПСЖ бас бапкері Маурисио Почеттино Лионель Мессидің не себепті оң қанатта көбірек ойнайтынын айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі Paris Fans сайтына сілтеме жасап.

"Месси оң қанатта жақсы ойнайды. Сонымен қатар, ол алаңның орта тұсында және сәл төменірек те жақсы өнер көрсете алады. Месси – әлемнің ең үздік футболшысы. Ол командаға пайдалы болу үшін алаңның кез-келген бұрышында доп тебуге дайын. Бүгінгі таңда бапкерлік штаб команданың ойынын жақсарту мақсатында көптеген стильдерді қарастыруда. Ең бастысы – Лео сынды аяқдопшыларға жақсы жағдай жасауымыз керек", - дейді аргентиналық маман.

Еске салайық, Лионель Месси ПСЖ сапында 7 матчта алаңға шығып, 3 гол соқты. Әзірге Франция чемпионатында 11 турдың нәтижесі бойынша париждіктер турнир кестесінің көшін бастап тұр.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар