Месси әлемнің ең мықты футболшысы атанды

©instagram.com/leomessi/

Футбол тарихы мен статистикасының халықаралық федерациясы (IFFHS) 2022 жыл қорытындысы бойынша әлемнің ең мықты футболшысын атады, деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл атаққа ПСЖ мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси лайық болыпты. Форвард 275 ұпай жинап, бәскелестеріне титтей де мүмкіндік бермепті. 

Мәселен, Мессидің командаласы франциялық футболшы Килиан Мбаппе бұл рейтингте екінші тұр, алайда ол тек 35 ұпай жинаған. Үшінші орында "Алтын доп" иегері Карим Бензема, "Реал" шабуылшысы 30 ұпай жинапты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар