"Алтын доптың" сегіз дүркін иегері, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси болашақта әлемдік футбол жұлдызына айналуы мүмкін он жас футболшыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Marca басылымының мәліметінше, бұл тізім жас таланттардың қазіргі жетістіктеріне баға беруден гөрі, олардың есімдерін танытуға бағытталған.
Месси атаған болашағынан үміт күттіретін он футболшының жетеуі - ер бала. Олардың арасында аргентиналықтың бір отандасы да бар. Қалған үшеуі - қыздар.
Ер футболшылар:
Томас Аранда ("Бока Хуниорс", Аргентина, 19 жаста)
Макс Доуман ("Арсенал", Англия, 16 жаста)
Зейвиер Гозо ("Кристал Пэлас", АҚШ, 19 жаста)
Хесус Родригес ("Комо", Испания, 20 жаста)
Кес Смит (АЗ, Нидерланд, 20 жаста)
Хильберто Мора ("Тихуана", Мексика, 17 жаста)
Джан Узун ("Айнтрахт" Франкфурт, Түркия, 20 жаста)
Бұрымды футболшылар:
Хлоя Сарви ("Челси", Англия, 17 жаста)
Джованна Ваксман ("Лион", Бразилия, 17 жаста)
Лотта Вреде ("Гамбург", Германия, 18 жаста)
Месси "Барселонадағы" ізбасарын атады
Еске салайық, Месси Аргентина құрамасы сапында өткізген матчтар саны (208), соққан голдары (126) және нәтижелі пастары (70) бойынша рекорд орнатқан. "Альбиселесте" құрамымен ол Америка кубогын екі рет (2021, 2024) жеңіп алды, 2022 жылғы әлем чемпионатында топ жарды, әлем біріншілігінде екі рет күміс иеленді (2014, 2026) және "Финалиссима" турнирінің жеңімпазы атанды (2022).
Клубтық деңгейде Месси каталондық "Барселона" мен француздың "Пари Сен-Жермен" клубтарында өнер көрсетті. 2023 жылдан бері ол АҚШ-тың "Интер Майами" командасында ойнап жүр.
Жарнама