Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік ассистент атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тарихи жетістікке аргентиналық жұлдыз 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысырға қарсы өткен матчта қол жеткізді.
Кездесудің 79-минутына дейін Аргентина 0:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Дәл осы сәтте Месси Кристиан Ромероға нәтижелі пас беріп, командаласына есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік жасады.
Бұл Мессидің әлем чемпионаттарындағы тоғызыншы нәтижелі пасы болды. Осылайша, ол әлем біріншіліктері тарихындағы ассист саны бойынша бірінші орынға көтеріліп, сегіз нәтижелі паспен көш бастап келген Диего Марадонаның рекордын жаңартты.
Еске салайық, Аргентина сол матчта керемет камбэк жасап, Мысырды 3:2 есебімен ұтты. Месси бұл кездесуде нәтижелі паспен қатар бір голдың авторы да атанды.
Ширек финалда Аргентина құрамасы Швейцариямен кездеседі.
Жарнама