1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 15:08
 

Месси әлем чемпионатына қатыса ма? – Бас бапкер жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Месси әлем чемпионатына қатыса ма? – Бас бапкер жауап берді ©x.com/argentina

Аргентинада Мессидің әлем чемпионатына қатысу, қатыспау жайы кеңінен талқыланып жатыр. Бұған қатысты құраманың бас бапкері Лионель Скалони жауап берді, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Аргентинада Мессидің әлем чемпионатына қатысу, қатыспау жайы кеңінен талқыланып жатыр. Бұған қатысты құраманың бас бапкері Лионель Скалони жауап берді, деп жазады Vesti.kz.

Аргентина құрамасының бас бапкері бұл шешімді тек Мессидің өзі қабылдайтынын айтты. Оның сөзінше, құраманың ішінде капитанды асықтыруға құлықты емес. 

«Біз асықпаймыз. Қандай шешім қабылдаса да, ол дұрыс болады – өзі үшін де, команда үшін де. Әрине, бәріміз оның қатарымызда болғанын қалаймыз», – деп келтіреді Скалонидің сөзін Marca.

Бапкер сондай-ақ Мессидің әлем чемпионатына қатысуы тек Аргентина үшін ғана емес, бүкіл футбол әлемі үшін маңызды болатынын атап өтті.

«Футбол үшін Мессидің әлем чемпионатында ойнағаны жақсы болар еді. Бірақ шешім тек өзіне байланысты – оның физикалық жағдайы мен дайындығына», – деді Скалони.

Сонымен қатар, бас бапкер Мессидің Аргентина құрамасының алдағы жолдастық матчтарына қатысатынын растады. Команда Мавритания және Замбия құрамаларымен кездеседі. Екі ойын да Буэнос-Айрестегі "Бомбонера" стадионында өтеді.

«Ол екі матчта да ойнайды. Қанша минут өткізетінін нақты білмеймін, бірақ алаңға шығады. Лео өз болашағын өзі шешуге толық лайық», – деп қосты бапкер.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. Аргентина құрамасы J тобында Алжир, Австрия және Иордания құрамаларымен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!