Футбол
Бүгін 15:09

Месси әлем чемпионаты тарихында ешкім жете алмағанды жасап отыр

©depositphotos/actionsports

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем футболының тарихында тағы бір ерекше жетістікке жетіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Месси әлем чемпионаттарындағы тарихи рекордты орнатты

OptaJoe мәліметінше, Англияға қарсы әлем чемпионатының жартылай финалындағы матчта (2:1) екі нәтижелі пас берген Месси мундиальдардағы ассистер санын 12-ге жеткізді.

Бұл көрсеткіштің бірегей екенін мына деректер дәлелдейді:

• Месси 12 нәтижелі пастың 10-ын плей-офф кезеңіндегі матчтарда орындаған;
• 1966 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан егжей-тегжейлі статистика тарихында әлем чемпионаттарында бірде-бір футболшы карьерасында 8 ассистен артық жасай алмаған.

Алда – Испаниямен финал

Енді 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Испаниямен кездеседі. Испания жартылай финалда Францияны 2:0 есебімен ұтқан. Финалдық матч 20 шілдеге қараған түні Нью-Йоркте өтеді. Ал оған дейін Франция мен Англия қола жүлде үшін өзара кездеседі.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport