Месси әлде Роналду? ХХІ ғасырдағы ең мықты футболшы анықталды

©Коллаж "Советский спорт"

Ұлыбританияның FourFourTwo басылымы ХХІ ғасырдағы ең үздік футболшылардың рейтингін жариялады. Көш басын аргентиналық футболшы Лионель Месси иеленген, деп жазады Мassaget.kz

Қазіргі таңда "Интер Майами" клубында (АҚШ) ойнап жүрген футболшы биыл "Алтын допты" 8-рет жеңіп алды. 2022 жылы ұлттық құрамасымен әлем чемпионы атанды. Клубтық деңгейде қол жеткізбеген атағы кемде кем. 

ХХІ ғасырдағы үздік футболшылар рейтингінде екінші орынды Криштиану Роналду еншілеген. Үштікке Испаниядан шыққан Андрес Иньеста орналасқан. 

"Пенальти болмады!". Роналду әділ ойынымен жанкүйерлер қошеметіне бөленді

Үздік футболшылар ондығы:

1. Лионель Месси;
2. Криштиану Роналду;
3. Андрес Иньеста;
4. Хави;
5. Роналдиньо;
6. Зинедин Зидан;
7. Тьерри Анри;
8. Мануэль Нойер;
9. Кака;
10. Луис Суарес.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport