Месси алаңда алмастырғаны үшін бапкерге наразылығын білдірді

20 қыркүйек 2021 10:22
©twitter.com

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси Франция чемпионатының алтыншы турындағы "Лионмен" матчте наразылығын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын кезінде Мессиде гол салуға бірнеше мүмкіндік болды, соның ішінде, Неймардың пасымен. Бірақ аргентиналық оларды сәтті пайдалана алмады.

76-минутта ПСЖ командасының бас бапкері Маурисио Почеттино аргентиналықты Ашраф Хакимимен алмастырды. Алаңнан шығып бара жатып, Месси бапкердің қолын алмады.

Матчтің өзі ПСЖ пайдасына 2:1 есебімен аяқталды, жеңіс голын алаң иелері қосымша уақыттың төртінші минутында салды, гол авторы Мауро Икарди.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар