Месси ӘЧ-да әйгілі Марадонаның рекордын қайталауы мүмкін

©twitter.com/Argentina

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони капитан Лионель Мессидің дайындығына қатысты ойымен бөлісті.

Аргентина мен Мексика матчі бүгін түнде С тобының аясында өтеді.

"Месси бабында", - деді Скалони.

Егер Месси Мексикамен ойында алаңға шықса әлем чемпионаттарындағы өткізген кездесуі жағынан Диего Марадонамен теңеседі. Өз заманының заңғар футболшысы болған Марадона мундиальдарда Аргентина командасының сапында 21 ойын өткізген.

Еске салайық, Қатардағы алғашқы ойында оңтүстік америкалықтар Сауд Арабиясына 1:2 есебімен есе жіберді.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport