Футбол
Бүгін 17:13

Месси 2026 әлем чемпионатына қатысу-қатыспау жайлы шешімін хабарлады

©instagram.com/afaseleccion

"Алтын доптың" сегіз дүркін иегері, америкалық "Интер Майами" клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу бойынша шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аргентина капитаны мундиальда ойнауға дайын

AlbicelesteTalk мәліметінше, 38 жастағы форвард Аргентина құрамасы бапкерлер штабына турнирде ойнауға дайын екенін жеткізген.

Команданың түпкілікті құрамын бас бапкер Лионель Скалони ай соңында жариялайды. Дегенмен, Месси халықаралық мансабын жалғастыруға ниетті екенін ресми түрде растаса, оның құрамға кіретіні анық сияқты.

Құрама штабы Мессидің қатысатынын меңзеді

Дереккөз мәліметіне сәйкес, Аргентина құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Роберто Айяла Мессидің әлем чемпионатына қатысатынын жанама түрде растаған.

2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде аргентиналықтар Алжир, Аустрия және Иордания құрамаларымен кездеседі.

Аргентина турнирге 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, яғни, қазіргі чемпион мәртебесінде барады.

Айта кетейік, 2026 жылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтіп, тарихта алғаш рет бірден үш елде - АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport