Месси 2019 жылдың ең мықты спортшысы ретінде мойындалды

31 желтоқсан 2019 08:04
© Reuters
Халықаралық спорт баспасөзінің қауымдастығы (AIPS) "Барселонаның" аргетиналық шабуылшысы Лионель Мессиді ерлер арасында және америкалық гимнастшы Симона Байлзды әйелдер арасында 2019 жылдың үздік спортшылары деп атады, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Жеңімпаздар AIPS мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталды, осылайша, Месси 13,11 пайыз дауыс жинады. Сонымен бірге, ерлер арасында үздік үштікке кениялық жеңіл атлет Элиуд Кипчоге (12,01 процента) және испаниялық теннисші Рафаэль Надаль (9,38) кірді.

Ал Байлз дауыс беруде 15,04 пайыз жинады. Мұндағы топ-3 тізімде америкалық футболшы Меган Рапино (13,51) мен ямайкалық жеңіл атлет Шелли-Энн Фрейзер-Прайс (11,01) бар.

AIPS тұжырымынша, жылдың үздік командасы англиялық "Ливерпуль", 2019 жылы футболшылар Чемпиондар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын ұтқан.
Жаңалықтар