Аргентина ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында өткен жолдастық матчта Исландия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аргентина Исландияны ойсыраттыКездесу АҚШ-тың Оберн қаласындағы "Джордан-Хейр" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды.
Матчтағы есепті ойынның 8-минутында аргентиналық жартылай қорғаушы Валентин Барко ашты.
Аргентина құрамасының көшбасшысы әрі капитаны Лионель Месси алаңға 70-минутта шықты. Араға екі минут салып ол пенальтиді сәтті орындап, командасының басымдығын еселей түсті.
Матч есебінде нүктені Тьяго Альмада 87-минутта қойды.