auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мешіт жамағаты арасында футбол лигасы мәресіне жетті

Мешіт жамағаты арасында футбол лигасы мәресіне жетті
©Ольга Апельганец

Әуезов ауданына қарасты "Ақсай" мешітінің футболшылары биылғы мешіт жамағаты арасындағы футбол лигасының жеңімпазы атанып, 1 млн теңге сыйақы алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бас жүлде үшін өткен финалдық ойында "Ақсай" командасы Медеу ауданының "әл-Хамид" мешітінің футболшыларымен кездесті. Тартысты өткен матчта ұжымдық ойын-өрнегін көрсете білген Әуезов ауданының командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші орын алған "әл-Хамид" мешітінің ойыншыларына бір-бір велосипед берілді.

Жүлделі үшінші орын үшін ойында Бостандық ауданының "Бақыткелді" мешіті мен Наурызбай ауданына қарасты "Ибраһим" мешітінің командалары кездесті. Қола жүлдеге таласқан қос команда ойыншылары да жасыл алаңда барын салды. Шиеленісті өткен матчта сәттілік серік болған Бостандық ауданының командасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, әр ойыншы спорт киімдер жиынтығы салынған сөмкеге иелік етті.

Жарыс соңынан Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысы Нұрлан Қиқымов тамаша ойын өрнегін көрсеткен футболшыларға алғыстарын жеткізіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

"Бұл спорттық шара биыл төртінші жыл өтуде. Өзіндік дәстүрі қалыптасып та үлгерді десек қателеспейміз. Алғашқы жылдары 200 команда жинаудың өзі мұң болатын. Ал қазіргі таңда 418 команда қатысуда. Мешітке үнемі барып, бес уақыт намазды жібермей оқып жүрген азаматтар болуы шарт. Жобамыздың мақсаты мешіт жамағаты мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасындағы қатынасты нығайту,  атап айтқанда, ғибадат етушілер арасында қарым-қатынас ынтымақ орнату. Осындай спорттық іс-шаралар барысында азаматтардың спортқа деген қызығушылығы оянып қана қоймай, еліміздің руханияты артып, мешітке келушілердің өзара түсіністігі мен бірлігі нығая түседі", - дейді Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов.

Алматы қаласы мешіт жамағаты арасындағы футбол лигасы маусым айында басталып, қаланың 53 мешітінен 400-ден аса команда қатысты. Алдымен әр мешіт өз үздіктерін анықтап, аудандық сайыста бақ сынады. Ал әр ауданның үздік шыққан командалары қалалық турнирге жолдама алды. Олар: - "әл-Әзім" (Алатау ауданы), "Төле би" (Алмалы ауданы), "Бақыткелді" (Бостандық ауданы), "әл-Хамид" (Медеу ауданы), "Ибраһим" (Наурызбай ауданы), "Ақсай" (Әуезов ауданы), "Түркісіб" (Түркісіб ауданы) және "Әли-Мұхаммед" (Жетісу) ауданы.

Спорттық шара "Ұлттық мұра" бағдарламасы аясында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшылығымен өтті.

Жарыстың басты мақсаты - мешіт жамағаты арасында бұқаралық спортты дамыту және дәріптеу. Бастысы осы жарыс арқылы жамағат арасында өзара ынтымақ пен бірлікке тағы бір қадам жасалып, иманды елдің ынтымағын арттыру.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама