"Мен ешқашан үндемей қалмаймын!" Үздік қақпашы Қазақстан футзалы туралы пікір білдірді

© https://www.instagram.com/leohiguita2/

Футзалдан алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита ұлттық біріншіліктегі келеңсіздіктен кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ақтаудағы ойын кезінде жаппай тәртіпсіздік болып, әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы қазақстандық футзал туралы пікір білдірді.

"Мен әрдайым бұл елдің намысын қорғайтын боламын. Мені мазалайтын дүние болса, ешқашан үндемей қалмаймын... Мен қазақстандық футзалдың дамуы үшін жыл сайын күресемін және күресе беремін. Қазір оның жоғары деңгейде тұрғанына қуаныштымын. Мен біз тұрғызған дүниені бұзуға мүмкіндік бермеймін. Қазақстан футзалы бәзбіреулер ойлғаннан да ауқымдырақ. Алға, Қазақстан, біз мәңгілік біргеміз! Мен бұл елді сүйемін!" - деді Игита.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: