"Мен бұл күнді көп армандадым". Месси Аргентина құрамасы сапындағы рекорды туралы

10 қыркүйек 2021 16:07
©instagram.com/leomessi

34 жастағы Аргентина құрамасы мен франциялық ПСЖ командасының шабуылшысы Лионель Месси Пеленің рекордын бұзып, оңтүстікамерика құрлығындағы ең үздік сұрмерген атанғанына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Мен бұл күнді көп армандадым. Құдайға шүкір, бұл күнге де жеттім. Қолдауларыңыз бен махабаттарыңызға алғыс айтқым келеді. Бұл әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын. Ұмытылмас сәт болды", - деп жазды Месси Instagram парақшасында. 

Еске салайық, кеше Буэнос-Айресте өткен кездесуде Аргентина құрамасы Боливияны 3:0 есебіменұтты. Үш голды да ПСЖ форварды Лионель Месси салды. 

Осы хет-триктің арқасында Месси оңтүстікамерикалық құрама үшін салған голдар бойынша рекорд орнатып, Пеледен асып түсті. Пеле Бразилия үшін 77 гол салған болса, Мессиде 79 доп.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар