Футбол
25 қараша 2019 09:20

Мексикалық қақпашы өз алаңынан гол салды

Мексикалық "Чивас Гвадалахар" клубының қақпашысы Хосе Родригес өз айып алаңынан қарсыластар қақпасына гол салды, - деп хабарлайды Eurosport.

Мексиканың дәстүрлі чемпионатының соңғы айналымында "Чивас" "Веракрусқа" қарсы ойын кезінде қызықты жағдай болды.

94-минутта "Чивас" қақпашысы бұрыштама добын тосып алып, қатты соққымен қарсыластардың қақпасына қарай шірене тепкен. Осы кезде қақпа бос болған, алаңға жүгіріп кеткен "Веракрус" қақпашысы допқа үлгермеген.

Осылайша ойын 3:1 есебімен "Чивас Гвадалахар" пайдасына шешілді.