Мексика құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

1 желтоқсан 2022 23:45
©FIFA

Футболдан Катардағы әлем чемпионатының С тобындағы Сауд Арабиясы - Мексика құрамалары (1:2) арасындағы ойыннан кейін,  Херардо Мартино өзінің Мексика ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Төреші матчтың соңғы ысқырығын шалған уақытта менің келісімшартым аяқталды", - деді Мексика ұлттық құрамасының бас бапкері Херардо Мартино.

Айта кетейік, Мексика құрамасы Сауд Арабиясын 1:2 есебімен жеңгенімен, плей-офф кезеңіне жолдама ала алған жоқ. Команда 28 жылда бірінші рет әлем чемпионатының топтық кезеңінен әрі аспады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар