Футболдан Катардағы әлем чемпионатының С тобындағы Сауд Арабиясы - Мексика құрамалары (1:2) арасындағы ойыннан кейін, Херардо Мартино өзінің Мексика ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Төреші матчтың соңғы ысқырығын шалған уақытта менің келісімшартым аяқталды", - деді Мексика ұлттық құрамасының бас бапкері Херардо Мартино.
Айта кетейік, Мексика құрамасы Сауд Арабиясын 1:2 есебімен жеңгенімен, плей-офф кезеңіне жолдама ала алған жоқ. Команда 28 жылда бірінші рет әлем чемпионатының топтық кезеңінен әрі аспады.