Мбаппенің өкілдері саудиялық клубпен келіссөз бастады

©instagram.com/k.mbappe/

ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің өкілдері саудиялық "Әл-Хиләл" клубымен келіссөз бастады, деп хабарлайды AS.

Тараптар мәселенің қаржылық тұсын ғана емес, келісімшарттың мерзімін де талқылап жатыр екен. Саудиялық клуб екі жылдық мерзім ұсынса, футболшы тек бір жылдық келісімшартты қарастыруға дайын көрінеді. 

Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қоры бұл келісімге 700 миллион еуро жұмсауға дайын. 

Еске салайық, мұның алдында ПСЖ Мбаппені Жапония мен Оңтүстік Кореяға маусым алды турға алмай кетті. Кейін париждік клуб басшылығы "Әл-Хиләлға" шабулшының трансфері бойынша келіссөзге рұқсат берген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport