Мбаппенің жетістігі Месси рекордынан асып түсті

Сурет: Sportbox
Франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші турындағы қарсылас алаңында бельгиялық "Бюргемен" өткен матчте (5:0) үш гол соқты.

52-ші минутта алаңға шыққан Мбаппе 61, 79 және 83-ші минутта гол салды. Франциялық футболшы алаңға өзге ойыншыны алмастырып шығып, хет-трик жасаған Чемпиондар лигасы тарихындағы төртінші адам. Бұрын мұндайды Уве Реслер ("Кайзерслаутерн", 1998), Вальтер Пандиани ("Депортиво", 2001) және Хосебе Льоренте ("Вильярреал", 2008) ғана жасаған.

Оның үстіне Мбаппе Чемпиондар лигасында 15 гол салған ең жас футболшы (20 жас, 306 күн). Мұның алдында бұл жетістік "Барселона" форварды Лионель Мессиде еді - 21 жас және 288 күнінде. 

Сонымен бірге, Мбаппе алаңға өзге ойыншыны алмастырып шығып, үш гол салған ең жас футболшы атанды.