Мбаппенің анасы ұлының ПСЖ-дағы қиындықтарына қатысты пікір білдірді

©Reuters

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппенің анасы клубта ұлының қарым-қатынасы шиеленісіп кетті деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Матч ТВ".

Мұның алдында шетелдік БАҚ Мбаппе мен Неймар арасындағы қарым-қатынас бұзылғанын және Килианға клуб уәдесін қалай орындап жатқаны ұнамайтынын жазған. 

"Бәрі дұрыс, барлық қиындықтар клуб ішінде шешіледі", - деп береді Мбаппенің анасының сөзін журналист Адриен Гренье.

Биылғы маусымда Мбаппе ПСЖ үшін бір матчке қатысып, бір гол салды және бір пенальтиді сәтсіз орындады. 

Айта кетейік, франциялық форвард әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде көш бастап тұр. CIES оның трансферлік құнын 206 миллион еуроға бағалап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport