Футбол
Бүгін 11:11
 

Мбаппені дауыс беру аяқталмай жатып "Алтын доптан" айырды

  Пікірлер

blog.share

Мбаппені дауыс беру аяқталмай жатып "Алтын доптан" айырды ©depositphotos.com/Musiu0

France Football басылымының бұрынғы директоры Паскаль Ферре мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппенің биылғы "Алтын допты" жеңіп алу мүмкіндігіне күмән келтірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

France Football басылымының бұрынғы директоры Паскаль Ферре мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппенің биылғы "Алтын допты" жеңіп алу мүмкіндігіне күмән келтірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Беделді жеке марапатты табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Франциялық шабуылшы жүлдеге басты үміткерлердің қатарында.

Алайда Ферре командалық трофейлердің болмауы Мбаппенің пайдасына емес, оған қарсы маңызды себеп деп санайды.

"Мбаппе - керемет ойыншы, бірақ биыл мен оған дауыс бермес едім. 30 номинанттың ішінде ол клубымен бірде-бір трофей жеңіп алмаған санаулы ойыншының бірі. Меніңше, бүкіл маусым бойы ештеңе жеңбеген футболшыны үздік ойыншы деп атау оғаш болар еді. Футбол - командалық спорт. Егер жеңіске жетпесең, демек, жеткілікті деңгейде жақсы ойнамағансың. Менің пікірім осындай", - деп беоеді Ферренің сөзін The Touchline.

Өткен маусымда Мбаппе Ла Лига мен Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атанып, сондай-ақ әлем чемпионатындағы бомбардирлер жарысында жеңіске жетті. Алайда франциялық футболшы "Реалмен" бірге бірде-бір трофей жеңіп алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!