Мбаппеге Роналду мен Мессиге қалай жету керегі айтылды

20 желтоқсан 2022 10:56
©PSG Talk

"Ди Си Юнайтед" командасының бапкері және Англия құрамасының әйгілі ойыншысы Уэйн Руни франциялық Килиан Мбаппеге ПСЖ-дан кетуге кеңес берді, деп хабарлайды Sports.ru.

"Меніше, оған командадан кетіп, АПЛ-ге бару қажет. ПСЖ - үлкен клуб, бірақ Килиан Франция чемпионатында бәріне қол жеткізіп қойды. Енді оған "Манчестер Юнайтед" немесе "Реал Мадридке" ауысқан жөн.

Егер ол Месси мен Роналду деңгейіне жетем десе, ол "МЮ" не "Реалға" өтуі тиіс, мен солай ойлаймын", –  дейді "Манчестер Юнайтедтің" экс шабуылшысы.

Айта кетейік, Катарда сегіз гол соққан Мбаппе әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Аргентинамен финалда ол хет-трик жасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport