Мбаппеге ПСЖ-ның негізгі құрамымен жаттығуға рұқсат берді

©ПСЖ, Twitter

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе "Пари Сен-Жерменнің" негізігі құрамына қайта қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, ПСЖ басшылығы мен Мбаппенің "Лорьянмен" матч (0:0) алдында өткен оңды келіссөзінен кейін шабуылшы команданың негізгі құрамына оралыпты. 

Мұның алдында клуб пен ойыншы келісімшарт бойынша келіссөздерді қайта бастағаны хабарланды. Дегенмен мәселе келісімді ұзарту емес, қарым-қатынасты реттеу жайлы болмақ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport